Жаңалықтар

Маңғыстау теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Жаңғыртудың басты мақсаты — өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау және вокзалдың өткізу қабілетін арттыру.

Маңғыстау теміржол вокзалы облысты Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын маңызды көлік торабы саналады. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ол бұрынғыдан да заманауи әрі қолайлы болады.