Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 50 000 текше метрге дейін ауыз су өндіре алады. Биылғы жылдың 27 қазанында нысанды пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды. Құрылыстың, монтаждың және іске қосу-реттеу жұмыстарының барлық кезеңдері толық аяқталып, зауыттың жобалық қуатында жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді.
Еске сала кетейік, Кендірліден алынған тұщытылған судың алғашқы көлемі биылғы тамыз айында Жаңаөзеннің су тарату тораптарына жеткізілген болатын.
Қазіргі уақытта зауыт қаладағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне су беруге әрдайым дайын режимде тұр. Бүгінде Жаңаөзеннің қажеттілігі екі негізгі көз есебінен қамтамасыз етіледі: «Астрахань–Маңғышлақ» магистральдық су құбыры, сондай-ақ Түйесу мен Сауысқан жерасты су көздері. Бұл, әсіресе, күз-қыс маусымында өзекті.
2025 жылдың соңына дейін кәсіпорынды Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру жоспарланып отыр. Тапсыруға дайындық аясында инженерлік-техникалық персонал оқытылып, жаңа зауыттың пайдалану қызметі жасақталды.
Кендірлідегі тұщыту кешені — Қазақстандағы осы типтегі ең ірі нысан. Ол тәулігіне 50 000 м³ (әрқайсысы 12 500 м³/тәулік болатын төрт блок) қуатқа ие кері осмос қондырғылары орнатылған тұщыту цехын, сондай-ақ суды дайындау, тұзсыздандыру және минералдандыру цехтарын қамтитын бірыңғай инженерлік кешен болып табылады.
Магистральдық су құбырының ұзындығы 201,4 км (әрқайсысы 100,7 км болатын екі желі). Бұған қоса, электр беру желілері, талшықты-оптикалық байланыс, газ құбыры және кіреберіс автожолы салынды.
Сонымен қатар кәсіпорын аумағында:
— әкімшілік-тұрмыстық кешен;
— жатақхана;
— жөндеу цехы;
— өрт сөндіру депосы;
— қойма орындары
салынды.
Зауыт Еуропа, АҚШ және Қытайдың жетекші өндіріс орындарының заманауи жабдықтарымен жарақтандырылған.
Құрылыс кезеңінде жұмыстарға 650-ден астам маман тартылып, 91 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тарапынан қысқа мерзімде, отандық компаниялардың еңбегі мен өнімін кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
Бұл ауқымды әлеуметтік жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен орындалды және стратегиялық маңызға ие. Тұщыту зауыты Жаңаөзен тұрғындарын және жақын маңдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етіп, «Астрахань–Маңғышлақ» магистралдық құбырына түсетін жүктемені азайтады және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға маңызды үлес қосады.