Жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығы: ардагерлер алғысы – «Ақ жол құрылыс» үшін үлкен мәртебе

Ұлы Жеңістің 80 жыл қарсаңында Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Қартбай мырза «Ақ жол құрылыс» компаниясының негізін қалаушысы Асылбек Тұрарұлына арнайы келіп, Алғыс хат табыстады.

Бұл марапат – тек бір сәттік құрмет емес, ұзақ жылдар бойы көрсетілген әлеуметтік жауапкершіліктің, ардагерлерге деген шынайы қамқорлықтың нәтижесі.

Біз үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету – қасиетті парыз.

«Ақ жол құрылыс» компаниясы әрдайым игі істердің басында болып, ел мен жерге қызмет етуді басты мақсат етіп келеді.

Алғыс білдірген барша ардагерлерімізге бас иеміз. Келе жатырған мерекелеріңізбен!

Қоғамға пайдалы болу – біздің басты ұстанымымыз.