Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданындағы теміржол вокзалының құрылыс барысын жеке бақылады. Қазіргі таңда нысанның құрылыс дайындығы 60 пайыздан асты, ал жұмыстар арнайы техника мен білікті мамандарды жұмылдыра отырып, бекітілген кестеге сай жүргізілуде.