Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия Кубогы аяқталды: Ақ Жол Құрылыс және СМК-Атамекен — іс-шараның басты демеушілері
2024-10-15 14:22
Ақтауда көрнекті жаттықтырушы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан ашық Азия Кубогы аяқталды. 15-ші рет өткізілген мерейтойлық турнирге Әзірбайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан сияқты 9 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Іс-шара Қазақстан Дзюдо федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне орайластырылды.
Турнирдің басты демеушілері "Ақжол Құрылыс" және "СМК-Атамекен" компаниялары болды. Осы компаниялар үшін спортты қолдау және әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту маңызды болып саналады.
Салтанатты ашылуға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ құрметті қонақтар – Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қатысты. Олардың қатысуы спортшыларға ерекше шабыт беріп, іс-шараға айрықша мән қосты.
Халықаралық төрешілер алқасында Қазақстан, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Иран, Иордания, Тәжікстан және Үндістан сияқты 9 елден 14 жоғары білікті төреші қатысты, турнирдің әділ және жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, бұл шараға спорттық ынтымақтастық пен әділ бәсекелестік рухын сыйлады.
Соревнования проходили в 14 весовых категориях — 7 у мужчин и 7 у женщин. Поддержка таких мероприятий отражает социальную ответственность компаний "Ақжол Құрылыс" и "СМК Атамекен", которые активно способствуют развитию спорта и продвижению здорового образа жизни в регионе.
Сайыстар 14 салмақ дәрежесінде өтті – ерлер 7 салмақ мен әйелдер арасында 7 салмақ категориясы бойынша. Мұндай шараларды қолдау "Ақжол Құрылыс" және "СМК Атамекен" компанияларының әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, аймақта спорттың дамуына және салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді ықпал ететінін айғақтайды.
Ақтаудағы дзюдодан Азияның Ашық Кубогы жеңімпаздары мен жүлдегерлері: