«Ақ жол құрылыс» компаниясы Маңғыстау темір жол вокзалын қайта құру жұмыстарын 2025 жылдың 24 сәуірінде бастады
2025-06-18 14:08
«Маңғыстау» теміржол вокзалының қайта жаңғыртылуы басталды!
«Ақ жол құрылыс» ЖШС 2025 жылғы 24 сәуірде «Маңғыстау» вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарына кірісті. Бұл нысанда соңғы күрделі жөндеу жұмыстары бұрынғы жылдары жүргізілген.
Вокзал кешенінің жалпы аумағы – 763 м².
Жобаны жүзеге асыруға 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Аумағы шамамен 2 гектар жерге кеңейтілді.
Жоба аясында:
— Интерьер мен экстерьердің толық жаңартылуы;
— Инженерлік жүйелер мен сервистік инфрақұрылымның жаңартылуы;
— Жолаушылар үшін жайлылық пен қауіпсіздіктің артуы қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.