Салмағы 1000 тонна болатын су қабылдау құбыры Каспий теңізіне синхронды түрде түсірілді
2025-05-17 16:56
Тоқмақ елді мекені, Кендірлі аумағында, СМК-Атамекен компаниясы теңіз суын тұщытатын зауытта маңызды кезеңді сәтті аяқтады — салмағы 1000 тонна болатын су қабылдау құбыры Каспий теңізіне синхронды түрде түсірілді.
Бұл ауқымды жұмысқа бір мезетте 40 кран жұмылдырылды, әрбір қозғалыс дәл есептеліп, барлық бригадалардың жұмысы жоғары үйлесімділікпен ұйымдастырылды.
Монтаждау процесі барлық техникалық талаптарға толық сәйкес өтті.
СМК-Атамекен — күрделі инженерлік жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыратын сенімді серіктес.