Жаңалықтар

Салмағы 1000 тонна болатын су қабылдау құбыры Каспий теңізіне синхронды түрде түсірілді

Тоқмақ елді мекені, Кендірлі аумағында, СМК-Атамекен компаниясы теңіз суын тұщытатын зауытта маңызды кезеңді сәтті аяқтады — салмағы 1000 тонна болатын су қабылдау құбыры Каспий теңізіне синхронды түрде түсірілді.

  • Бұл ауқымды жұмысқа бір мезетте 40 кран жұмылдырылды, әрбір қозғалыс дәл есептеліп, барлық бригадалардың жұмысы жоғары үйлесімділікпен ұйымдастырылды.
  • Монтаждау процесі барлық техникалық талаптарға толық сәйкес өтті.
  • СМК-Атамекен — күрделі инженерлік жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыратын сенімді серіктес.