«Ақ жол құрылыс» компаниясы Астанада өткен халықаралық құрылыс форумына қолдау көрсетті
2025-06-15 14:04
9–10 маусым күндері Астанада Қазақстан инженерлер мен кеңесшілер ұлттық қауымдастығы, Грузиядан келген әріптестер, Hogan Lovells және Intelligent Solution ұйымдастырған Кавказ және Орталық Азия Құрылыс форумы өтті.
“Ақ жол құрылыс” компаниясы форумның демеушілерінің бірі ретінде құрылыс саласын дамыту мен кәсіби қауымдастықты нығайтуға өз үлесін қосты.
Компания өкілдері іскерлік бағдарлама мен халықаралық стандарттар және заманауи құрылыс тәжірибелеріне арналған оқытуға қатысты.