Жаңалықтар

Сарыағашта айналма жолдың құрылысы басталды

Сарыағаш қаласында айналма жолдың құрылысы басталды. Ресми мәліметке қарағанда, қала ішінен өтетін республикалық маңызы бар жолдан күніне 20 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Оның ішінде, жүк көліктері де бар. Ал жаңа жол көлік инфрақұрылымын нығайтады, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін күшейтеді дейді мамандар.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Биыл 3400 шақырым жаңа жол салуы керек. Соның 102 шақырымы – осы Сарыағаш айналма жолы. Жалпы қаржы биылдан бастап 5 триллион теңге бөлінеді. 204 млрд теңігесі осы жолға жұмсалады. Бұл бәрімізге маңызды жол. Тек Қазақстан емес халқаралық дәлізді дамытуға маңызды жол.

«ҚазАвтоЖолдың» жоспары бойынша жол заманауи инфрақұрылыммен қамтылады. Мысалы, айналма жолда 22 көпір, 223 құбыр, 8 көліктік жолайырық, 2 теміржол өткелі, демалыс алаңдары мен аялдамалар салынады. Жолдың жобасымен де, құрылысымен де бір мердігер компания айналысады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 7 жылға кепілдік алады. Жалпы Сарыағаш қаласынан өтетін жол өткен жылы 20 миллиард теңге шамасында пайда алып келген. Ал тұрғындар бұл жолды жылдар бойы күттік дейді.

Дереккөз: Отырар