Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Маңғыстау» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85%-ы аяқталды. Жоба аясында вокзалдың жалпы аумағы 763,7 м²-ден 8 899 м²-ге дейін ұлғаяды. Жаңа кешенде заманауи күту залдары, билет кассалары, жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары, ана мен бала бөлмесі, лифттер, эскалаторлар мен траволаторлар қарастырылған.
Құрылысқа 192 маман және 16 арнайы техника жұмылдырылған.
Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың қараша айына жоспарланған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі