Жаңалықтар

“Ақ жол құрылыс” компаниясы «Кездесу» жанар-жағармай бекетінен бастап «Шотан батыр» ескерткішіне дейінгі автомобиль жолын кеңейтуде.

Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап «Нұрас» жанармай құю станциясына дейін автомобиль жолын реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Кездесу» жанар-жағармай бекеті және 35-шағын аудан қиылысынан «Шотан батыр» ескерткішіне дейінгі автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес, жоба бойынша автомобиль жолының ұзындығы 4088 метрді құрайды. Аталған жол 4-6 жолаққа кеңейтілетін болады. Бұл жұмыстар автомобиль жолындағы кептелістің алдын алу мақсатында кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.