Жаңалықтар

Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2025-08-10 01:17
Құрметті құрылыс саласының өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылысшы мамандығы – ғасырлармен бірге жасасып келе жатқан ең жауапты және аса қадірлі кәсіптің бірі. Қалалардың дамуы, ауылдардың жаңаруы, ел игілігіне қызмет ететін нысандардың бой көтеруі – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі.

Сапалы құрылыс – ел дамуының тірегі, халық тұрмысының көрінісі. Бүгінде сіздердің алтын қолдарыңыздың, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында елімізде заман талабына сай талай нысандар салынып, пайдалануға берілуде.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығы, еңбектеріңізге жеміс пен толайым табыс тілейміз! Еліңізге қызмет етуден жалықпаңыздар!

Ізгі тілекпен, “Ақ жол құрылыс” ұжымы