Новости

По поручению Президента: на юге страны стартовал крупнейший дорожный проект — обход Сарыагаша

2026-04-06 02:21
Түркістан облысында халықаралық маңызы бар жаңа жол салынып жатыр.

Сарыағаштағы ұзақ кептеліс пен тар көшелер мәселесі жақын арада шешіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сарыағаш қаласын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы басталды.

Ұзындығы 100 шақырымнан асатын бұл жол Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі бағыттармен байланыстырады. Сонымен қатар, жүк тасымалы мен көлік қатынасы жеңілдеп, еліміздің транзиттік мүмкіндігі артады.

Дереккөз: Turkistan TV