«Ақ жол құрылыс» компаниясы А-27 «Ақтөбе–Атырау–РФ шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолының 616–648 км учаскесін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Орналасуы: Атырау облысы, Махамбет ауданының аумағы.
Қайта жаңартылатын учаскенің ұзындығы: 33 км.
Жол категориясы: II.
Жолдың ені: 9 м.
Жобаның маңыздылығы
А-27 автожолы Қазақстан Республикасының көлік жүйесінде стратегиялық рөл атқарады:
- Елдің батыс және солтүстік өңірлерін Ресей Федерациясымен тікелей байланыстырады;
- Жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалының сапасын жақсартады.
Қайта жаңарту ерекшеліктері
Жобада инфрақұрылымдық нысандарға ерекше көңіл бөлінді:
- Ұзындығы 312 метр Құрғақ арнасы арқылы өтетін көпір;
- Ұзындығы 115 метр Байшаға өзені арқылы өтетін көпір;
- Ақбас өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңартылды.
Жолдың жабындысы — Щебеночно-мастикалық асфальтбетон (ЩМА-20), бұл жолдың беріктігі мен төзімділігін қамтамасыз етеді.
Мақсаттар мен болашағы
Жоба Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға, жолдардың сапасын арттыруға және тұрғындар мен бизнес үшін логистикалық қолжетімділікті жақсартуға бағытталған. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жол өңірдің экономикалық өсуіне және халықаралық көлік байланыстарын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.