Жаңалықтар

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

2026-08-21 17:11
Бүгін Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының құрметті президенті, «Ақ жол құрылыс» компаниясының төрағасы Асылбек Тұрарұлы және әріптестері «Қазақстан Барысы – 2026» республикалық турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлын @zh.nurtilepuly және оның жеке бапкері Қайрат Иманғазиевті қабылдап, тарихи жеңісімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Маңғыстау өңірінің намысын абыроймен қорғаған Жантілек Нұртілепұлы шешуші белдесуде жеңіске жетіп, «Қазақстан Барысы» атанған Маңғыстаудың мақтанышына айналды.

Жантілек пен оның бапкері Қайрат Иманғазиев — дзюдо орталығынан түлеп шыққан спорт мектебінің өкілдері. Кездесу барысында олар спорттағы жолдарына қолдау көрсетіп, әрдайым демеу болған ағаларына ризашылықтарын білдірді.

Бұл жеңіс — спортшының қажырлы еңбегінің, бапкердің табанды жұмысының және спортқа көрсетілген жүйелі қолдаудың нәтижесі.

Жантілек Нұртілепұлын тарихи жеңісімен тағы да құттықтаймыз!

Маңғыстаудың мерейін асқақтатар жеңістеріміз көп болсын! 🇰🇿🏆