«Ақ жол құрылыс» компаниялар тобы Қазақстан Республикасы күні мен Автомобиль саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді
2025-10-26 00:51
«Ақ жол құрылыс» компаниялар тобының мерекелік іс-шарасы
2025 жылғы 25 қазан, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы
«Ақ жол құрылыс» компаниялар тобы Қазақстан Республикасы күні мен Автомобиль саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өткізді. Праздник ТОО «КаспийТрансКом» өндірістік алаңында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — еліміздің тәуелсіздігін, қарапайым еңбек адамын және Қазақстандағы жол құрылысын дамытуға үлес қосып жүрген мамандарды ұлықтау.
Іс-шара бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталған салтанатты ашылу;
«Ақ жол құрылыс», «СМК-Атамекен», «КаспийТрансКом», «Каспий тас жол», «Қазына Маңғыстау» және серіктес мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен өткен мерекелік шеру;
Түрлі байқаулар мен жарыстар: театрландырылған қойылымдар, арқан тарту, жүк көлігінің дөңгелегін ауыстыру бойынша шеберлік сайысы.
Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Концерттік бағдарламадан кейін қонақтар үшін мерекелік дастархан ұйымдастырылып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Ұйымдастырушылар іс-шараны дайындауға және өткізуге үлес қосқан барша қызметкерлерге ерекше алғыс білдірді.
Сонымен қатар «Ақ жол құрылыс» компаниясының бас директоры Асылбек Тұрарұлына және топ басшылығына корпоративтік рухты қолдағаны және мерекелік атмосфера қалыптастырғаны үшін алғыс айтылды.