Сарыағаштағы жаңа айналма жол: Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
2026-05-17 14:59
Сарыағаш қаласын айналып өтетін жол құрылысы қарқынды жүргізілуде!
Сарыағаш қаласында жаңа айналма жолдың құрылысы жалғасуда. Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта қаланың ішін қақ жарып өтетін республикалық маңызы бар тасжолмен күніне 20 мыңға жуық көлік, соның ішінде ауыр жүк көліктері қатынайды. Мамандардың пікірінше, бұл жоба аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін барынша күшейтеді.