Жаңалықтар

Ақтау қаласының 17 шағын ауданында мектеп құрылысы 80% аяқталды

СМК-Атамекен компаниясы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының 17 шағын ауданында жаңа мектептің құрылысын сәтті жүргізуде. Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасын салуды қоса алғанда, нысан 80% дайын. Жоба құрылыстың соңғы кезеңіне жақындап келеді.Ағымдағы жұмыстарға мыналар кіреді:

  • Аумақты абаттандыру;
  • Қасбеттің сыртқы безендірілуі;
  • Ішкі әрлеу жұмыстары.

Мектептің технологиялық жабдықтары; шкаф жиһаздары, ас үй жабдықтары, зертханалар мен робототехника кабинеттеріне арналған жабдықтар жақын арада жеткізіледі және орнатылады деп күтілуде.СМК-Атамекен компаниясы жүзеге асырып жатқан 17 ш.а Мектеп жобасының аяқталуы оқушыларға заманауи жағдайларды ұсына отырып, өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуға маңызды үлес қосады.