Жаңалықтар

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – мейірімділік пен сабырлықтың, жақсылық пен рухани жаңғырудың айы.

Рамазан – жүректерді ізгілікке бөлеп, адамдарды бірлік пен берекеге шақыратын қасиетті уақыт. Осы айда жасалған әрбір жақсылық, көмек пен дұға еселеніп қайтады.

«Ақ жол құрылыс» компаниялар тобы барлық мұсылман қауымына амандық, молшылық пен рухани кемелдік тілейді. Тілеген тілектеріңіз, жасаған игі істеріңіз қабыл болсын!

Рамазан айы құтты болсын!