Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Кендірлі кентінде салынып жатқан теңіз суын тұщытатын зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бүгінде инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, ұзындығы 40 шақырым жол, су айдау станциясы, екі қосалқы станция, ұзындығы 201 км магистральді су құбыры, 80,1 км электр желісі және 48,1 км газ құбырының құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, зауыт аумағын абаттандыру және сыртқы құбырларды жылуоқшаулау жұмыстары да аяқталу сатысында.
Кәсіпорын аумағында әкімшілік-тұрмыстық аймақ ғимараттары мен теңіз суын тұщыту цехының құрылысы толық аяқталған. Негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, жөндеу-механикалық цех, гараж, қоймалар, зертхана, реагент шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті және қазандық секілді қосалқы нысандар да салынған.
Жоба аясындағы теңіз бөлігінде тұзды суды тастау үшін диаметрі 800 мм екі желіден тұратын полиэтилен құбырлары дәнекерленіп, әрқайсысы 817 метрлік бетон салмақтармен теңіз түбіне төселді. Сонымен қатар, диаметрі 1400 мм екі су тарту құбырының дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, олардың бірі теңіз түбіне орнатылды.
Жалпы, негізгі технологиялық жабдықты монтаждау мен аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу кезеңінде.
Тұщыту зауыты көпсатылы заманауи су дайындау жүйесімен жабдықталған, бұл теңіз суын тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Жобада әлемдік жетекші өндірушілердің озық технологиялары қолданылған: Dupont (ультра фильтрация), Energy Recovery Inc (энергияны қайта пайдалану), Fluytec (өздігінен тазаланатын сүзгілер), Toray (мембраналар), Nijhuis (флотациялық қондырғылар), Duchting және Andritz (сорғылар), Grupoppa (реминерализация), Schneider Electric (автоматтандыру).
Дереккөз: ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі @kazmunaygaspress @ozenmunaigaz_ak