Жаңалықтар
«Ақ жол Құрылыс» компаниясы Құрық – Жетібай жолының 40-шы шақырымнан 64-ші шақырымға дейінгі учаскеде ауқымды жұмыстарды аяқтады
2024-12-22 16:28
«Ақ жол Құрылыс» компаниясы Құрық – Жетібай жолының 40-шы шақырымнан 64-ші шақырымға дейінгі учаскеде ауқымды жұмыстарды аяқтады
24 шақырымдық жол толықтай жаңартылып, пайдалануға дайын!
Негізгі өзгерістер:
55-ші шақырымда көліктердің қауіпсіз және сенімді қозғалысын қамтамасыз ететін заманауи жол өткелі салынды.
Материалдарды сақтау және өңдеуге арналған жаңа құм базасы салынды.
Жолаушылардың жайлығы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 6 заманауи аялдама орнатылды.
Қауіпсіздікті арттыру үшін 2 бағдаршам және Сергек бейне бақылау жүйесі енгізілді.
Көлікке техникалық қызмет көрсетуге арналған эстакадалары бар 2 демалыс алаңы жасалды.
Жаңа көпір аймақтың логистикасын жақсартып, қозғалыс ыңгайлылығын қамтамасыз ететін маңызды байланыстырушы буынға айналды.
«Ақ жол Құрылыс» — Қазақстан инфрақұрылымын дамытудың сенімді серіктесі!