Жаңалықтар

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді.

Дархан Серікұлы өңірдегі стратегиялық маңызы зор жол жобаларының бірі - “Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан республикасы шекарасы” (Темірбаба ө/п)” республикалық маңызы бар жол учаскесінің 65-179 шақырымын орташа жөндеу, сонымен қатар, “Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасы шекарасы” автомобиль жолының 179-229 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жобаның бас мердігері - “Ақ жол құрылыс” ЖШС-нің мамандары тамыз айының басында басталған жол құрылысы жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.