«СМК-Атамекен» компаниясы бас мердігер ретінде, халықаралық Metito LLC компаниясы, «Ақжол Құрылыс» ЖШС және «Caspian HES Consulting» ЖШС кіретін консорциуммен бірге тәулігіне 50 мың м³ теңіз суын тұщытатын зауыттың құрылысын жүзеге асыруда.
Орналасуы: Токымақ жері, «Кендерлі» демалыс базасының ауданы.
Жобаның мақсаты:
Зауыт Жаңаөзен қаласы мен Қызылсай, Рахат, Теңге ауылдарының 200 000-ға дейін тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Зауыттың шикізат көзі ретінде Каспий теңізінің жағалау акваториясынан алынатын су пайдаланылады.
Жоба не қамтиды?
Заманауи технологиялар
Зауытта ультрасүзгілеу және мембраналық элементтерді қолданатын алдыңғы қатарлы тұщыту технологиясы пайдаланылады. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары сапалы суды қамтамасыз етеді.
Жобаның маңызы
Бұл зауыт Маңғыстау облысының тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етіп, халық санының өсуіне және аймақ өнеркәсібінің дамуына қолдау көрсетеді.

- Негізгі тұщыту цехы.
- Әкімшілік корпус, асхана және жатақхана.
- Реагенттер мен мембраналық элементтерді сақтау қоймалары.
- Ремонт-механикалық цех, зертхана және өрт сөндіру бекеті.
- Демалыс аймақтары мен спорт алаңы.