Жол сапасын арттырудағы ортақ қадам: «Ақ жол құрылыс» және «Коррус-Тех» серіктестігі
2025-05-21 11:47
Заманауи технологиялар іс жүзінде!
Мамыр айында “Ақ жол құрылыс” компаниясының командасы “Коррус-Тех” компаниясының жол құрылыс сапасын арттыруға арналған жаңа шешімдерінің таныстырылымына қатысты.
Іс-шара барысында келесі технологиялар таныстырылды:
MOVA Super Ski нивелирлеу жүйесі – асфальт жамылғысының мінсіз тегістігін қамтамасыз етеді.
Pave Air сегрегацияны бақылау жүйесі – температуралық ауытқулар мен төсеу біркелкілігін нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді.
МСА-500 катоктар үшін тығыздықты бақылау жүйесі – тығыздау жұмыстарының дәлдігі мен тиімділігін арттырады.
Бұл технологиялар жол төсемінің сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз халықаралық стандарттарға сай жолдар салу үшін озық шешімдерді жобаларымызға енгізуді жалғастырамыз!