Жаңалықтар

«Әділет» партиясының штабы «Ақ жол құрылыс» ЖШС ұжымымен кездесті

Әділет” партиясының Маңғыстау облыстық және Мұнайлы аудандық сайлауалды штабының мүшелері «Ақ жол құрылыс» ЖШС мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында штаб мүшелері ұжымға 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырып, сайлау бюллетеніндегі №1 Әділет партиясын қолдауға үндеді.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен мақсаттары түсіндірілді.