Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын Ақтау қаласында жоғары деңгейде атап өтуге қосқан үлесі үшін “Ақ жол құрылыс” компаниясы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат — әрбір қызметкеріміздің еңбегінің, ұйымшылдығы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметінің айқын көрінісі. Қаланың көркейіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға атсалысқан еңбегіміз бағаланғанына қуаныштымыз.
Қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрін ұлықтау жолында еңбек ету — біз үшін мәртебе.
Осы қуанышты сәтпен Асылбек Тұрарұлын, бүкіл ұжымды, серіктестерімізді және қолдау білдірген барша жанашырларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда да ел үшін еңбек етіп, жаңа белестерге бірге жетейік!