Сарыағаштың жаңа айналма жолы халықаралық дәліздерді заманауи инфрақұрылыммен жалғайды.
2026-04-06 02:54
Түркістан облысында айналма жолдың құрылысы басталды Түркістан облысында халықаралық транзит үшін маңызы зор Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы басталды. Жол заманауи инфрақұрылымы бар төрт жолақты болады. Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы: — Жобаның құны — 204 миллиард теңге. Жобаның ерекшелігі сол — мердігер нысанды өзі жобалайды, салады және кепілдік мерзімі ішінде оның пайдалануға жарамдылығына жауап береді. Айналма жол заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған төрт жолақты болады. Жобада 8 көлік айрығы, 2 теміржол өткелі, 22 көпір, 21 арнайы учаске, 4 демалыс алаңы, 223 су өткізу құбыры, 26 қоғамдық көлік аялдамасы, 4 жаяу жүргіншілер өткелі, ауыл шаруашылығы техникасы мен үй жануарларын өткізуге арналған 21 учаске, сондай-ақ 1 жол полициясы кешені қарастырылған. Дереккөз: Отырар