Жаңалықтар
«Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолының 50-ден 103 км-ге дейінгі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
2025-04-09 09:05
«Ақ жол құрылыс» компаниясы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруда!
Қазіргі таңда «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолының 50-ден 103 км-ге дейінгі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы — 53 км
Жобаның мақсаты — көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету
Жөндеу жұмыстары аясында келесі шаралар атқарылуда:
▪️ Ескі жол жамылғысын фрезерлеу
▪️ Төсем негізін нығайту
▪️ Жаңа асфальтобетон жабындысын төсеу
▪️ Жол жиегін және су бұру жүйесін орнату
Жоба заманауи сапа стандарттарына сай және барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.