Жаңалықтар

«Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолының 50-ден 103 км-ге дейінгі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Ақ жол құрылыс» компаниясы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруда!

Қазіргі таңда «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолының 50-ден 103 км-ге дейінгі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  • Жалпы ұзындығы — 53 км

  • Жобаның мақсаты — көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету

Жөндеу жұмыстары аясында келесі шаралар атқарылуда:

▪️ Ескі жол жамылғысын фрезерлеу

▪️ Төсем негізін нығайту

▪️ Жаңа асфальтобетон жабындысын төсеу

▪️ Жол жиегін және су бұру жүйесін орнату

Жоба заманауи сапа стандарттарына сай және барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.