Жаңалықтар

Маңғыстау облысы, Токмақ жерінде, Кендерлі демалыс аймағында теңіз суын тұщыландыру зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Тоқмақ жерінде Жаңаөзен қаласын тұрақты сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық элемент болатын тұщыландыру зауытының құрылысы жалғасуда. Күніне 50 000 текше метр өндірістік қуаты бар зауыт аймақтағы тұщы су тапшылығын шешіп, қала тұрғындарының таза және қауіпсіз ауыз суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта келесі жұмыстар жүргізілуде:

  • Әкімшілік ғимарат: кіреберіс топтың қабырғаларын гидрооқшаулау және қабырғалардың кері толтырылуы.
  • Асхана ғимараты: кіреберіс топтың қабырғаларын арматуралау және қалып орнату.
  • Қорғаныс ғимараты (радиациядан қорғану): гидрооқшаулау.

Барлық құрылыс жұмыстары қатаң түрде кестеге сәйкес, заманауи технологиялар мен сапалы материалдарды пайдалана отырып жүргізілуде, бұл болашақ нысанның ұзақ мерзімділігі мен жоғары пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Тұщыландыру зауытының құрылысы – Жаңаөзен қаласын тұрақты сумен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам және бұл жоба аймақ тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосады.