Сапар барысында өңір басшысына "Маңғыстау" вокзалын қайта жаңарту туралы ақпарат ұсынылды. Жоба "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ тапсырысы бойынша іске асырылуда.
Жаңа вокзал заманауи талаптарға сәйкес салынуда және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 8899 шаршы метрді құрайды. Вокзал тәулігіне кемінде 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады.
Сонымен қатар, заманауи үлгідегі нысан жолаушылардың қозғалысын жеңілдететін инженерлік жүйелермен жабдықталатын болады. Атап айтқанда, жүк көтергіштігі 600 және 1000 кг болатын 6 жолаушы лифтін, 2 эскалатор мен 5 траволаторды орнату көзделген.
Қазіргі уақытта ғимараттың қаңқасын тұрғызу, қабырғалар мен төбелерді монтаждау жұмыстары 63% — ға, ал сыртқы инженерлік желілерді төсеу 50% - ға орындалды. Құрылыс алаңына 57 адам және 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Өңір басшысы вокзалдың қазіргі заманы мен ыңғайлылығы облыс тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес бүкіл ел бойынша 125 Теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Осы жоба аясында Маңғыстау облысында "Маңғыстау", "Бейнеу" және "Шетпе"вокзалдары қайта жаңғыртылуда.