Мемлекеттерді байланыстыратын жолдың жалпы ұзындығы 164 километр. Оның 114 километрі орташа жөндеуден өтеді, ал тағы 50 километріне жаңа асфальт төселеді. Жоба Кендірлі курорттық аймағының дамуына және Маңғыстаудың туристік әлеуетіне жаңа серпін береді деп күтіледі.